Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

ҰБТ: биыл қандай өзгерістер мен жаңашылдықтар бар?

Биыл қазақстандық мектеп түлектері тапсырып жүрген Ұлттық бірыңғай тестілеуде елеулі жаңалықтар бар. Ол қандай жаңалық?

Танымал

Ел аузында

Келесі ҰБТ қай күндері болады? Мүмкіндігі шектеулі балаларға қандай жеңілдіктер жасалып отыр? Тест жауабы қандай сипатта беріледі? Тестілеу онлайн форматқа көшетіні рас па? Tengrinews.kz тілшісі ҰБТ-ға қатысты негізгі 10 сұраққа жауап іздеді. 

#1ҰБТ жаңа форматта өте ме?

Иә, биылдан бастап ҰБТ электрон форматқа көшірілді. Бірақ камералар мен бақылау жүйесі бола береді. 

«Орнатылған камералар, бақылау жүйесі және хабар тарату сізді уайымдатпауы керек. Бұл шара әділ нәтиже алу үшін қажет», – деді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

#2Грантқа түсуге қанша мүмкіндік беріледі?

Жақында Асхат Аймағамбетов енді түлектердің ҰБТ тапсыруға және грантқа түсуге екі мүмкіндігі бар екенін хабарлады. Министр «бұл грантқа түсемін дегендерге жақсы мүмкіндік» екенін айтқан.  

«ҰБТ тапсыруға және грантқа түсуге екі мүмкіндігіңіз бар. Бұл эмоциялық жүктеме мен күйзелісті азайтады», – деді министр.

#3Ерекше қажеттіліктері бар балаларға қандай жағдай жасалады? 

Биылдан бастап оларға тапсырмаларды орындауға қосымша 40 минут уақыт берілді. Сондай-ақ, тапсырмалар суретсіз, сызбаларсыз және диаграммасыз беріледі. 

Айта кетейік, 2020 жылы тестілеу уақыты 3 сағат 50 минуттан 4 сағатқа ұзартылған болатын. Ал ерекше балаларға қазір 4 сағат 40 минут болып отыр. 

#4ҰБТ жауабы қандай сипатта беріледі? 

Аймағамбетовтің айтуынша, биыл ҰБТ ұпайлары туралы ғана емес, әр пән бойынша нәтижелердің тақырыптық талдауын аласыз. Бұл сіздің әлсіз жақтарыңызды талдауға және біліміңізді жетілдіруге мүмкіндік береді.

#5Биыл грант саны көбейді ме? 

Білім және ғылым министрі биыл грант саны тағы 5 мыңға көбейетінін айтты. Осылайша, гранттардың жалпы саны 61 мыңға дейін жетеді. Шәкіртақы мөлшері де 15 пайызға өсті. Жаңа гранттар студенттер арасында сұранысқа ие және өзекті мамандықтарға бөлінеді.

#6Сұрақтар қанша пайызға жаңарады?

Сұрақтар базасы жыл сайын кем дегенде 30 пайызға жаңарады. Мысалы, 2021 жылы бейіндік пәндер бойынша тестке контекст негізінде тест тапсырмалары енгізілді.

Тапсырмалар дұрыс орындалғаны үшін мынадай балл беріледі: ұсынылған бес жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдаумен – 1 балл, ұсынылған жауаптардың жиынтығынан бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаумен – 2 балл, контекст негізіндегі тест тапсырмалары – 1 балл.

#7Тестілеу ұзақтығы қанша?

Тестілеу ұзақтығы – 4 сағат (240 минут), оның ішінде:

– шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер үшін тестілеу ұзақтығы – 70 минут.

– шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ЖЖОКБҰ-ның білім алушылары және басқа білім беру бағдарламаларының топтарына ауысқысы келетіндер үшін тестілеу ұзақтығы – 130 минут.

Қысқартылған оқыту мерзімін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін – 2 сағат (120 минут), оның ішінде:

– шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарына қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас даярлау бағыттары бойынша түсушілер үшін – 80 минут.

Бұл ретте:

  • тестілеудің 60 минуты өткеннен кейін 2 минут үзіліс;
  • тестілеудің 120 минуты өткеннен кейін 3 минут көлемінде үзіліс;
  • 180 минут тестілеу аяқталғаннан кейін 3 минут көлемінде үзіліс беріледі.

#8Шекті балл көлемі қанша?

Ұлттық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына (ЖЖОКБҰ) кемінде – 65 балл, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша кемінде – 75 балл, «Денсаулық сақтау» бойынша кемінде – 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» бойынша  кемінде 60 балл жинау қажет.

Басқа ЖЖОКБҰ-ға кемінде – 50 балл, ал «Педагогикалық ғылымдар» саласы бойынша – 75 балл, «Денсаулық сақтау» білім беру саласы бойынша кемінде – 70 балл.

Қазіргі уақытта шекті балл бойынша нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізіліп жатыр. Бұл ретте ҰБТ-ның әрбір пәні және шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.

Ең жоғары балл – 140 балл. Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші түлектер үшін ең жоғары балл – 125 балл.

#9ҰБТ қай күндері өтеді? 

ҰБТ электрон форматта мына күндері өтеді:

  • 25 қаңтар -22 ақпан аралығында;
  • 1-31 наурыз аралығында ақылы негізде ЖОО-ға түсу үшін;
  • 1-30 маусым аралығында республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе ақылы негізде ЖОО-ға түсу үшін; 
  • 10-20 тамыз аралығында.

#10Тағы қандай өзгерістер бар?

ҰБТ-да калькуляторлар пайдалануға рұқсат етілді. 

Сынақ тесттердің бағасы екі есеге төмендеді. 

Сондай-ақ, Асхат Аймағамбетов биыл қауіпсіздікті, сондай-ақ, тестілеудің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін жаңа тәсілдер енгізіліп жатқанын айтты.

«Жаңалықтардың бірі – қосымша камера орнату. Бұған дейін бір камера болса, қазір екінші камера орнатылады, ол жеке басын сәйкестендіреді. Сонымен қатар, белгілі бір уақыт өткеннен кейін компьютерде кім отырғанын тіркейді», – деді министр ақпанның басында аппараттық кеңесте. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...