Қазақстанда жаңа кәсіби мереке енгізу ұсынылды

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда жаңа кәсіби мереке – ветеринарлық қызметкерлер күнін енгізу ұсынылды. Бастаманы депутат Екатерина Смышляева үкімет сағатында көтерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Ветеринарлық қызметкердің кәсіби мерекесінің жоқтығы мал дәрігеріне деген мемлекеттің, біз бен сіздің қарым-қатынасымызды көрсетеді. Есепшілер мен қаржыгерлерде 2-3 мерекеден бар, ал мал дәрігерінің күні жоқ. Біз сонда бұйрықтағы 15 әріпті аяймыз ба?

Онда ешқандай шығын немесе демалыс күні жоқ. Бұл тек елдегі азық-түлік пен жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндерге құрметті көрсетеді», – деді парламент депутаты ауыл шаруашылығы министріне.

Министр Ербол Қарашүкеев депутаттың ұсынысын қолдады. 

«Қолдаймын, мал дәрігері күнін біз енгізуге тырысып жатырмыз. Сондай-ақ, қызметкерлерімізді материалдық емес тұрғыдан мадақтау үшін еңбек сіңірген мал дәрігері мен жаңа ведомстволық наградалар енгізсек деген ойымыз бар», – деді министр.

Бұған дейін Ербол Қарашүкеев қазақстандық жастардың бұл салаға барғысы келмейтінін айтқан еді. Қазіргі уақытта еңбек нарығында жасы 40-тан асқан қызметкерлер жұмыс істеуде, ал жаңа мамандар жоқтың қасы. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қысқа сөзге сыйған терең мағына: Нақыл сөздер жинағы жарық көрді

Жақында оқырман қауымға автор Динара Бердімұраттың нақыл сөздер жинағы жол тартты. Еңбек, адалдық, жауапкершілік және адамгершілік құндылықтарын арқау еткен...