Зейнетақы мен жәрдемақыны қайта индекстеу қашанға жоспарланған?

Танымал

Ел аузында

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров республикалық бюджетке енгізілген түзетулерде зейнетақы мен кейбір жәрдемақыларды индекстеу жоспарланғанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысынан кейін журналистер министрден доллардың өсуі мен инфляцияның жоғары деңгейін ескере отырып, зейнетақы мен жәрдемақыны қайта индекстеу қалай және қашан жоспарланғанын сұрады.

«Негізінен зейнетақылар мен кейбір жәрдемақыға қатысты. Шамамен 9 пайызға. Бюджет қашан нақтыланады деген мәселеде Мәжіліс пен Сенаттан өтеміз, Президент «Республикалық бюджет туралы» заңға қол қояды. Әрі қарай іске асыру туралы шешім қабылданады. Шамамен маусым-шілдеде», – деді Қуантыров.

Еске салайық, зейнетақы мен жәрдемақыларды индекстеу жыл басында да жүргізілген болатын. Алайда теңгенің құнсыздануы мен азық-түлік бағасының көтерілуін ескере отырып, наурыздың басында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов қайта индексациялау мүмкіндігін жоққа шығармаған еді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғылыми шындық пен көзқарас: жас зерттеушілер дискурсы

         Дәстүрге сәйкес қара шаңырақ, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жас ғалымдар мен студент, магистрант, докторанттар қатысқан «Фараби әлемі» халықаралық...