Қорғаныс министрлігі әскери техникалардың ел аумағындағы қозғалысына қатысты пікір білдірді. Ведомство әскери техникалар полигондарға оқу-жаттығу жиыны өткізу үшін бет алғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарулы Күштер қысқы оқу-жаттығу кезеңі аяқталғаннан кейін әскерлерді тексеруді жалғастырып жатқанын айтты.
«»Бөлімшелер сәуір айында әскери техникамен, темір жол көлігімен полигондарға ауысып, онда практикалық оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлері бақылау тексерісі шеңберінде Маңғыстау облысындағы полигондарға күштер мен құралдарды жіберуді жүзеге асырады», – делінген хабарламада.
Ал полигондарда тактикалық, түнгі уақытта ату бойынша оқу-жаттығулар өтетінін болады.
Бөлімшелердің белгіленген мерзімде жүктелген тапсырмаларды орындау үйлесімділігі мен қабілеттілігі, әскери қызметкерлердің дайындығы, сондай-ақ командирлердің қоластындағы әскерилерді және бекітілген бөлімшелерді басқару қабілеті бағаланады.
«Қарулы Күштердің барлық құрамалары мен бөлімдері, сондай-ақ әскери басқару органдары тексерілуге жатады. Әскери техниканың қозғалысы, жеке құрамның қозғалысы әскерлердің жауынгерлік даярлығы үдерісімен байланысты. Жауынгерлік оқу іс-шаралары жоспарланғандай жүзеге асырылды», – деді Қорғаныс министрлігі.
Белгілі болғандай, Қарулы Күштердегі әскерлерді бақылау тексеруі 4 сәуірде басталды.
Әскерлер қысқы оқу-жаттығу кезеңінің соңында тексеріледі. Биыл президент әскердің жауынгерлік дайындығын түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, биыл іс шара жаңа форматта өтетінін жеткізді.