Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Шымкент полиция департаменті баспасөз хатшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды

Танымал

Ел аузында

Өзіне қол жұмсамақ болған Шымкент полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваға қатысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мөлдір Бекееваға Шымкент қалалық ПД Жедел басқару орталығы қызметкерін балағаттап, дауыс көтерді деген айып тағылған. Оның үстінен «Билік өкілін қорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Алайда қазір полиция бұл іс дұрыс сараланбағанын мойындады. 

Айта кетейік, Мөлдір Бекеева осы қылмыстық істен кейін өзіне қол жұмсамақ болғаны айтылған еді.

«Соталды тергеп-тексеру барысында жедел басқару орталығы қызметкері мен оның басшысы арасындағы жанжал Қылмыстық кодекстің 131-бабы «Қорлау» бойынша екені анықталды. Осыған байланысты соталды тергеу тоқтатылды. ЖБО қызметкеріне азаматтық тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар екені туралы түсініктеме берілді», – деді Шымкент полициясы өкілдері.

Сондай-ақ, өзіне қол жұмсауға әрекеттену дерегі бойынша тағы бір қылмыстық іс сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілгені атап өтілді.

«Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі басшысының өзіне қол жұмсау дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру материалдарын Қаратау аудандық полиция бөлімі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне жіберді», – деді ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетсек, Шымкент қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Мөлдір Бекеева өзіне қатысты даудан кейін суицид жасамақ болған. 

Ведомство өкілі өзіне қол салмас бұрын Facebook желісінде жазба жариялаған. Онда жазба авторы басшылықтан қысым көргенін және өзінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын айтады.  

Өз жазбасында Мөлдір Бекеева ПД жаңа басшылығын айыптап, мұндай қадамға баруына мәжбүр еткенін жеткізді. 

Қазіргі таңда журналист комада, жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...