Димаш Құдайберген Джеки Чанды туған күнімен құттықтады

Танымал

Ел аузында

Димаш Құдайберген әлемге әйгілі қытай актері Джеки Чанды туған күнімен құттықтады. Ол Джекимен түскен кезекті суретін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Туған күніңізбен, аңыз адам. Сізге бар жақсылықты тілеймін. Сіз тек маған емес, бүкіл адамзатқа үлгісіз», –  деп тілек білдірді ол. 

Айта кетейік, Димаш Құдайберген Джеки Чанмен алғаш 2017 жылы Қытайда I am a Singer жобасына қатысып жатқан кезінде танысты. Қазақ әншісінің өнерін жоғары бағалаған Джеки Чан Димашты кездесуге шақырып, оған өз күртешесін сыйлаған еді. Димаш болса Джекиге шапан жауып, домбыра сыйлады. Қос жұлдыз 5 жылдан бері достық қарым-қатынаста.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қоғамдық орын ластанған: Түркістан облысында 5 тонна қоқыс тастаған тұрғындар анықталды

Түркістан облысының полицейлері қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде...