Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

11 C
Nur-Sultan
22 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

Алматы полициясы ғаламтордағы алаяқтардың көбейгенін мәлімдеді

Танымал

Ел аузында

Алматы полиция департаментінің басшысы интернет-алаяқтықтың көбейгенін мәлімдеді. Сөзінше, қылмыскерлер қазір әлеуметтік желі мен ғаламторды жиі пайдаланатын болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап. 

Қанат Таймерденов халық алдында есеп беру кезінде ғаламтордағы алаяқтық деректерінің екі есеге артқанын айтты. 

«IT технологиялар саласындағы қылмысқа қатысты мәселелер өзекті болып қалуда. Бүгінде қылмыскерлер өздерінің пайдакүнемдік мақсаттарына жету үшін әлеуметтік желілерді, сондай-ақ интернет кеңістігін белсенді түрде пайдалануда», – деді Қанат Таймерденов.

Полиция департаменті басшысының айтуынша, мұндай қылмысты ашу үшін арнайы жедел-іздестіру тобы құрылған. Сонымен қатар олар 2021 жылы біліктілікті арттыру курстарынан өткен. 

«Біз алаяқтық жарнамалары бар интернет-сайттарды анықтау бойынша жұмысымызды жетілдірдік. Олар “Кибернадзор” жүйесі арқылы бұғатталады. Барлығы 1,5 мың осыған ұқсас ресурстар бұғатталған. Сонымен қатар, интернет-алаяқтықтың кең тараған түрлері, олардың алдын алу жолдары туралы ақпараттар бар әлеуметтік роликтер кеңінен таратылуда», – деп қосты Таймерденов. 

Сондай-ақ ол қабылданған шаралардың нәтижесінде бірінші тоқсанда интернет-алаяқтықтың тіркелуінің 45%-ға азайып, оның ашылу көрсеткіші 17%-ға жақсарғанын атап өтті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...