Қазақстанның Моңғолия мен Қытайдағы елшілері тағайындалды

Танымал

Ел аузында

Қазақстанның Моңғолия мен Қытай Халық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшілері тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды», – делінген жарлықта.

Сондай-ақ, Шахрат Нұрышев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалған. Бұған дейін Шахрат Нұрышев сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылған болатын.

Сондай-ақ, Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі Жалғас Әділбаев та қызметінен босатылған еді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫНДА ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН АДАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы Полиция департаментінде қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында профилактикалық жиын өтті. Департамент бастығының...