Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14.1 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
18.7 C
Shymkent

Зеленский: Бородянкада қаза болғандар Бучадағыдан көп

Танымал

Ел аузында

Ал Ресей сарбаздарының Мариупольде істегенін, бүкіл шындықты әлем білгенде не болмақ?

Бұл туралы Владимир Зеленский түнгі жолдауында мәлімдеді. Ол қарапайым жұртты Ресей әскері өлтірді деп айыптады. Бұған дейін Бучада 300-ден астам бейбіт тұрғын қаза болған, оның 50-і азапталған деп хабарланған еді. Кремль өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, ақталып әлек. Айта кетейік, Бородянка Киевтен 70 шақырым жерде орналасқан.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

– БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Ресейді Адам құқықтары жөніндегі кеңестегі мүшелігін тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл – барынша қисынды әрі дұрыс қадам. Қолдаған мемлекеттерге алғыс айтамын. Ресей Адам құқықтары тұжырымдамасын ұмытқалы қашан. Бір күні бұл да өзгерер. Бірақ әзірге Ресей мемлекеті әскері – бостандыққа, адам құқығына мен қауіпсіздігіне жер бетінде төніп тұрған ең үлкен қауіп. Бучада болған оқиға – бұған айқын дәлел. Бородянкада Ресей басқыншыларының қаза тапқандар саны Бучадан да көп. Ал Ресей сарбаздарының Мариупольде істегінін, бүкіл шындықты әлем білгенде не болмақ?

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмиртий Песков Украинадағы әскери операция жақын арада аяқталатынын меңзеді. Ол бұл туралы британиялық «Sky news» телеарнасына онлайн форматта берген сұхбатында мәлімдеді.

Дмитрий Песков, РФ президентінің баспасөз хатшысы:

– Операцияның мақсаты – 8 жыл бойы Украина әскерінің атқылауынан зардап шегіп келген 2 халық республикасының тұрғындарына көмек беру. Осы 8 жыл бойы ешкім ләм-мим демеді. Соңғы күндері айтылып жатқан нәрсенің бәрі жалған. Біз бұл туралы айтудай-ақ айтып жатырмыз. Бірақ бізді ешкім тыңдар емес. Біздің әскеріміз операцияны сәтті аяқтап қалды. Жақын күндері осы операцияның барлық мақсаты орындалады. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...