Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Ресей енді Адам құқықтары жөніндегі кеңеске дауыс бере алмайды

Танымал

Ел аузында

Ресейдің мүшелігін тоқтату туралы шешім тек қазіргі ротацияға, яғни 2023 жылы Ресей Федерациясының кеңестегі мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.

БҰҰ Бас Ассамблеясы бейсенбі күні Украинадағы ахуалға байланысты өткен арнайы сессия барысында Ресейдің Адам құқықтары жөніндегі кеңеске мүшелігін тоқтату туралы Батыстың шешімін қабылдады деп хабарлады  ТАСС ақпарат агенттігі.

Бұл шешімді қолдап 93 мемлекет дауыс берсе, 24 делегация қарсы шыққан, 58-і қалыс қалды. Құжатты қабылдау үшін дауыс беруге қатысушылардың үштен екісі қолдауы қажет әрі қалыс қалғандар есепке алынбайды. Осылайша, барлығы 117 делегация жақтап немесе қарсы дауыс берді.

Шешімді қолдаған 93 дауыс барлық мандаттың үштен екісінен асатын болғандықтан, шешім қабылданды.

Ресей Федерациясының өкілдері бұған дейін мұндай қадамның саяси астары бар екенін, БҰҰ жүйесі үшін салдары жойқын болатынын мәлімдеген.

Айта кетейік, Ресейдің мүшелігін тоқтату туралы шешім тек қазіргі ротацияға, яғни 2023 жылы Ресей Федерациясының кеңестегі мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады. Одан әрі Ресей Федерациясы мүшелікке қайтадан өтініш бере алады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы жастары оқу жылын экологиялық жауапкершілік пен ел болашағына қамқорлықтан бастады

Алматыдағы ЖОО-да бірінші курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау рәсімі жалғасуда. Биылғы бірінші курс студенттері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділетті Қазақстан”...