Сүйеніш Әбділдин «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшысы болды

Танымал

Ел аузында

Сүйеніш Әбділдин «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бүгін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ұжымына басқарманың жаңа төрағасын таныстырды. Ол – бұған дейін бірінші орынбасар қызметін атқарған Сүйеніш Әбділдин», – делінген корпорация хабарламасында.

Сүйеніш Төлеуханұлы Әбділдин 2011 жылы ҚБТУ-ды «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша, 2014 жылы Ұлыбританияның Бирмингем университетін бітірген. Информатика мамандығы бойынша магистр дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2011 жылдың қазанында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жетекші маманы болып бастаған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Тергеушінің бір күні: жауапкершілік пен әділдік

Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Созақ ауданы полиция бөлімінің тергеушісі Ерубай Рәт үшін әр күн – үлкен жауапкершілік пен...