Доллар бағамы тағы төмендеді

Танымал

Ел аузында

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 462,86 теңге болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бір тәулік ішінде ұлттық валюта биржада 0,36 теңгеге нығайды. 5 сәуір кешке доллардың орташа бағамы 463,22 теңге болған еді.

7 сәуірдегі ресми бағам бір доллар үшін 462,22 теңгені құрады. Бұл KASE-те өткен күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша белгіленіп отыр.

6 сәуірде биржада теңге-доллар жұбында жалпы сомасы 114 млн долларға 322 мәміле жасалды.

Kurs.kz порталының мәліметінше, айырбастау пунктері долларды орташа есеппен 464-467 теңгеге сатып алып, 468-470 теңгеге сатып жатыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Түркістанда «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығының бастамасымен Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен рухани мұрасын балаларға танытуға...