Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

Қамауда отырған Кәрім Мәсімовтің денсаулығы күрт нашарлап кеткені туралы ақпарат тарады

Танымал

Ел аузында

«Мемлекетке опасыздық жасады» деп айыпталып, қамауға алынған Кәрім Мәсімовтің денсаулығы күрт нашарлап кеткені белгілі болды. Бұл жөнінде Karimmasimov сайты мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сайтта жарияланған ақпаратқа сәйкес, бұрынғы ҰҚК басшысына шұғыл медициналық көмек көрсетілуі қажет. Мәсімовті абақтыдан босатып, ауруханаға жеткізу керек.

Кәрім Мәсімов көптеген созылмалы аурулармен ауырады, оның ішінде 2021 жылдың көктемінде анықталған созылмалы жүректің ишемиялық ауруы бар.

Бұл ауруға Мәсімов былтырғы жылдың көктемінде шалдыққан делінген жазбада.

Қамауға алынған күннен бастап Мәсімовтің жағдайы күрт нашарлап, ескі сырқаты қайта қозған.

«Кәрім Мәсімовтің дәрігерлері оның арты өлімге алып келетін ауруларға шалдыққанына байланысты дереу босату қажеттігін жазбаша растады. Дәрігерлер бұл мәселе бойынша толық ақпарат беруге дайын», – деп жазады Мәсімовтің сайты. Сонымен қатар бұл мәселе бойынша халықаралық ұйымдар мен шетел билігіне хабар берілгені айтылды.

Еске салайық, ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін мемлекетке опасыздық жасады және мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деген күдікпен қамауға алынған болатын. Сондай-ақ ҰҚК басшысының орынбасарлары – Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де қызметтерінен босатылған.

10 наурыз күні ҰҚК Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты тергеудің алғашқы нәтижелерін көрсетті.

Сондай-ақ, бұған дейін Мәсімовтің ісі Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша тергеліп жатқаны белгілі болған.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, тергеу барысында Мәсімовтің іс-әрекетінде көптеген сыбайлас жемқорлық белгілері анықталған. Мәсімовтің Премьер-Министр лауазымында болуы кезеңінде бизнес-құрылымның бірінен астанада құны 2,5 млрд теңге элиталық тұрғын үй мен жер телімін алу фактісі бойынша да тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ Мәсімовтің үйінен  17,2 млн АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша мен көптеген құнды заттар – элиталық сағаттар, алтын кесектері, антиквариат және басқалары тәркілеуге алынған.

Сонымен қатар Мәсімовтің жақын байланыстарынан 5,1 млн АҚШ доллары алынып, оған да тыйым салынған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысының тұрғындары полицияға 180 бірліктен астам тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырды

Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында Түркістан облысында тұрғындардан тіркелмеген қаруды сатып алу...