Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

«Жасыл даму» компаниясына жаңа басшы тағайындалды

Танымал

Ел аузында

Ержан Сәрсенбай Қазақстандағы утильалым операторы – «Жасыл даму» компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ержан Сәрсенбай 2001 жылдың қарашасынан 2006 жылдың шілдесіне дейін Қаржы министрлігінде жетекші маманнан бөлім бастығына дейін қызмет атқарған.

2006 жылғы шілде мен 2007 жылғы сәуір аралығында премьер-министр кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің ғылым және инновациялық қызмет секторының меңгерушісі болған.

2007 жылғы мамырдан 2010 жылғы қарашаға дейін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ жобаларға агенттік қызмет көрсету басқармасының бастығы болып жұмыс істеген.

2011 жылғы мамырдан 2014 жылғы ақпанға дейін – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ кредит беру және кредиттік әкімшілендіру департаментінің директоры.

2015 жылғы қаңтардан 2017 жылғы ақпанға дейін Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған.

2017 жылғы ақпан – 2021 жылғы ақпан аралығында – Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту департаментінің директоры.

2021 жылғы ақпан – 2022 жылғы ақпан аралығында – «Қазақстандық мемлекеттік – жекешелік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы.

Айта кетейік, бұған дейін Жанат Самат басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Жасыл даму» басшысы қызметінен кеткен болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...