Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
14.3 C
Shymkent

Тұман, жел, найзағай: 15 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Танымал

Ел аузында

Синоптиктер 15 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ АУА РАЙЫ ЖАУЫН-ШАШЫНСЫЗ. РЕСПУБЛИКАДА ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ. СОЛТҮСТІК-БАТЫСТА, СОЛТҮСТІКТЕ ТҰМАН БОЛАДЫ.«ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК

Алматы облысының таулы аймақтарында күндіз найзағай болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында жел екпіні секундына 18-23 метр күшейеді. Күндіз Жалаңашкөл ауданында жел екпіні секундына 28 метр болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында жел. Жел екпіні секундына 15-20 метр күшейеді.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың солтүстік-батысында жел екпіні секундына 16 метр күшейеді.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман, найзағай болады. Күндіз облыстың шығысында жел 15-20 метрге күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында түнде және таңертең тұман болады деп болжанды. Күндіз облыстың солтүстігі мен батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, орталығында, оңтүстігінде жел болады. Жел екпіні секундына 15-20, 23 метр күшейеді.

Болжам бойынша, күндіз Атыраудың солтүстігінде, Қарағанды ​​облысының оңтүстік-шығысында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Түнде және таңертең Қызылорда облысының батысында найзағай ойнайды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...