Елімізде бидай мен ұн экспортына шектеу енгізілді

Танымал

Ел аузында

Ауыл шаруалышығы министрлігі елімізде бидай мен ұн экспортына шектеу енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ауыл шаруашылығы министрінің 16 сәуірдегі №110 «Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес 15 маусымға дейін бидай мен ұн экспорты бекітілген квота көлемі шеңберінде жүзеге асырылады:

  • бидай мен меслинге – 1 млн тонна; 
  • бидай немесе қара бидай ұнына – 300 мың тонна. 

Бұл ретте жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидаларының 5-тармағына сәйкес, бидай әкетуге арналған квотаны бөлуге, әкетуге мәлімделген көлемнен 10%-ын белгіленген баға бойынша «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ға өткізген өтініш берушілер жіберіледі (бидайдың тіркелген бағасы мен сапалық көрсеткіштері, жұмсақ бидай жеткізілетін астық қабылдау кәсіпорындарының тізімі мен мекенжайлары жоғарыда көрсетілген бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін министрліктің ресми интернет-ресурсында жарияланады). 

«Бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан кедергісіз әкетуге жататыны туралы хабарлаймыз», – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Адам саулығы жолындағы адал еңбек

Медицина — тек мамандық емес, ол үлкен жауапкершілік пен адам өміріне деген жанашырлықты талап ететін ерекше қызмет. Медицина қызметкері...