Жаңаөзенде геофизиктер бейбіт ереуілге шықты

Танымал

Ел аузында

Жаңаөзенде «Өзенпромгеофизика» АҚ қызметкерлері бейбіт ереуілге шықты. Жұмысшылар жалақылар 100%-ға өсіруді талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап. 

Сонымен қатар геофизиктер 13 айдың жалақысын екі есе өсіруді, жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істейтіндерді штатқа алуды сұрады. 

Жұмсышылардың сөздерінше, олар өз талаптарын жұмыс берушіге 15 ақпанда жеткізген. Алайда осы уақыт аралығында ештеңе өзгермегенін мәлімдеді. Әрі жұмыс беруші кездесуге келмеген. 

Олар осы талаптар орындалмаған жағдайда ереуілге шығатындарын жеткізді. Кейін жұмысшылар ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, өңір әкімі Нұрлан Ноғаевқа және Жаңаөзен әкімі Айбек Қосуақовқа видеоүндеу жолдады.

«Өзенпромгеофизика» АҚ қызметкерлерінің бейбіт ереуілі 15 сәуірде басталған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Адам саулығы жолындағы адал еңбек

Медицина — тек мамандық емес, ол үлкен жауапкершілік пен адам өміріне деген жанашырлықты талап ететін ерекше қызмет. Медицина қызметкері...