Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
-1.7 C
Shymkent

Қазақстаннан ақшаны заңсыз шығару бойынша жеті қылмыстық іс тергеліп жатыр

Танымал

Ел аузында

Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Жанат Элимановқа қылмыстық істерді тергеу кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жанат Элиманов президентке қаржы мониторингі агенттігінің биыл бірінші тоқсанда атқарған жұмысының нәтижесі туралы баяндады.

«Биыл бірінші тоқсанда 552 қылмыстық іс қозғалған. Олардың жартысынан көбі – ауыр және аса ауыр қылмыс. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру фактілері бойынша 14 іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Мемлекетке 62 миллиард теңге көлемінде шығын келтірілген», – делінген ақпаратта.

Жанат Элимановтың айтуынша, 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету үшін жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Кеден саласында 34 қылмыстық іс қозғалды. Декларацияға енгізілмеген тауарлардың жалпы құны 10 миллиард теңгеден асады.

Сондай-ақ президентке мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуға бөлінген 20,5 миллиард теңге қаржыны жымқыру фактілеріне қатысты қылмыстық істер бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны туралы мәлімет берілді.

Агенттік төрағасының айтуынша, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге ерекше көңіл бөлінеді.

«Тариф» жобасы аясында коммуналдық қызметтер саласындағы тарифтердің негізсіз өсу деректерін анықтау және монополиялардан арылту жұмыстары жалғасады. «Маңғыстау облысында сұйытылған газды сату кезіндегі алып-сату белгілері бойынша энергетика министрлігінің, облыс әкімдігінің лауазымды тұлғаларына және электронды сауда алаңдарына қатысты іс тергеп-тексеріліп жатыр», – делінген ақпаратта.

Президенттің тапсырмасы аясында қаржыны Қазақстаннан тыс жерлерге заңсыз жылыстатуға қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазір осы бағытта 7 қылмыстық іс тергеліп жатыр және 28 миллион АҚШ доллары бұғатталған.

Мемлекет басшысы Агенттіктің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарының маңызды екенін ерекше атап өтіп, Жанат Элимановқа бизнеске қатысты жүргізіліп жатқан барлық қылмыстық істі тергеп-тексеру кезінде заңдылықтың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Президенттің пікірінше, құқық қорғау және бақылаушы органдар кәсіпкерлердің өтініштеріне жедел назар аударуға және олардың құқығын шектемеуге тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан ерекше қолдау қажет екенін айтты және бұл жерде қаржы мониторингі агенттігі маңызды рөл атқарады деп санайды.

Құқық қорғау және бақылаушы органдардың ортақ міндеті – экономикамыздың орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін елімізде қолайлы бизнес-орта қалыптастыруға атсалысу.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

За два дня врачи Медцентра УДП провели 16 сложных операций в области Жетысу

В области Жетысу продолжается медицинская акция «Дни Медицинского центра Управления делами Президента РК». Во второй день ведущие врачи Больницы...