Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

7.8 C
Nur-Sultan
20.3 C
Almaty
18.8 C
Shymkent

Алматыда жол құрылысы кезінде көптеген заңбұзушылық анықталды

Танымал

Ел аузында

Алматыда жол құрылысы кезінде көптеген заңбұзушылық анықталды. Бұл туралы мердігер ұйымдардың, ғылыми мекемелер мен техникалық қадағалау мамандарының қатысуымен өткен қаланың жол инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне арналған кеңес барысында белгілі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында жол құрылысындағы негізгі бұзушылықтар мен жол инфрақұрылымындағы ақаулар туралы айтылды. Алматыдағы жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының мәліметінше, өткен жылы 1100 тексеру қорытындысы бойынша жол-құрылыс материалдарының үш мыңға жуық үлгісі іріктеліп, сынақтан өткен. Үлгілердің 27 пайызында (800) өндіріс технологиясының бұзылуы анықталған.

Әкім Ерболат Досаев кепілдіктер бойынша заңбұзушылықтарды мердігерлердің өз қаражаты есебінен жоюды тапсырды. Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығына, орындалатын жұмыстардың сапасын бақылау шараларын арттыруды, жол-құрылыс материалдарын тексеруді, аймақтарды кеңейту тапсырылды. Бұрын бақылау аймағында тек негізгі жолдар болса, енді қосалқы аумақтар бағаланатын болады. Алматы әкімі қажет болған жағдайда мұндай бақылау шараларын қаржыландыруды ұлғайтуға дайын екенін растады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Раушан ШӘМІЛ, ҚР ҰЛТТЫҚ  ТУРИЗМ  ИНДУСТРИЯСЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:  НАРЫҚТА ОТАНДЫҚ ТУРОПЕРАТОРЛАРДЫ ҚОРҒАУ ӨТЕ НАШАР

 – Раушан  Шәмілқызы, соңғы кезде  қытайлық туристердің  Қазақстанға, оның ішінде Жаркентке деген қызығушылығы күрт өскені байқалады. Бұл неге байланысты? – Оның негізгі екі себебі...