Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Шенеуніктердің мобильді аударымдары 2023 жылдан бастап тексеріле бастайды

Танымал

Ел аузында

2023 жылы банктер салық органдарына лауазымды тұлғалар туралы ақпарат бере бастайды. Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер салық декларациясын тапсыруға міндетті болады.

2022 жылғы 15 сәуірде заң күшіне енді, осыған сәйкес, бірнеше жыл бойы жалпыға бірдей декларациялаумен қатар, салық органдары кәсіпкерлік қызметтен кіріс алатын адамдар туралы ақпаратты сұратуға және тексеруге кіріседі.

Қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев деректерді беру 2023 жылы және тек мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайы, квазимемлекеттік ұйым қызметкерлеріне ғана қатысты болатынын түсіндірді. Бұл деректер 3 ай қатарынан әртүрлі жіберушілерден айына 100 және одан да көп аударым алған жағдайда беріледі.

  • 2024 жылдан бастап жеке кәсіпкерлер мен компания басшылары қосылады (2023 жылға дейін Қазақстанда жеке кәсіпкерлер салық төлеуден босатылған).
  • 2025 жылдан бастап – клиенттердің басқа санаттары.

Достары мен жақындарынан ақша аударымын алатындар үшін алаңдайтын ештеңе жоқ, дейді сарапшы. Банктік құпия талаптарына сәйкес, мұндай аударымдар туралы мәлімет салық органдарына қазір де, кейін де берілмейді. Қазіргідей жеке мақсаттарыңыз үшін аударымдарды жасауға және алуға болады.

Салық салу мәселелері бойынша ақпаратты Egov 1414 бірыңғай байланыс орталығынан нақтылай аласыз.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Новые возможности для целеустремленной молодежи

В Алматы озвучены итоги формирования регионального кадрового резерва. Напомним, что основной целью регионального кадрового резерва является  формирование региональных пулов...