Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

22.7 C
Nur-Sultan
23.8 C
Almaty
30.1 C
Shymkent

Рубль ЕАЭО ішінде есеп айырысу валютасы ретінде енгізілмек

Танымал

Ел аузында

Ресей рублі Еуразиялық экономикалық одақ ішінде есеп айырысу валютасы ретінде енгізілмек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Бірақ бұл сауда-саттық түгел Ресей ақшасы арқылы жүреді деген сөз емес. Сауда және интеграция министрлігі жаңаша өзгерісті былай түсіндірді.

Ресей валютасы кедендік баж төлемінен түскен қаржыны бөлу үшін ғана пайдаланылады. Бұл Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкелінетін импорттық тауарларға салынатын салық.

Рубльмен қайта есептеу тек Ресеймен және Беларусьпен жүргізілмек. Өйткені бұл мемлекеттер санкция салдарынан АҚШ долларымен есеп айырылыса алмайды. Бұл ретте Армения және Қырғызстанмен арадағы сауда-саттықта америкалық валютада қала бермек. 

“Біз бүгінгі таңда рубль аймағы туралы әңгіме қозғауға ниетті емеспіз. Екі елдің шаруашылық субъектілері арасындағы сауда операцияларының шамамен 70 пайызы Ресей рублін пайдалана отырып жүргізіледі. Біздегі импорттың шамамен 42 пайызы Ресей Федерациясынан. Рубльді пайдалану – объективті себеп”, – дейді сауда және интеграция министрлігінің департамент директоры Темірлан Жантасов.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Fix Price Қазақстандағы ең қарқынды дамып жатқан non-food ритейлерлердің бірі атанды

2025 жылдың алғашқы тоқсанында Fix Price дүкендер саны 349-ға жетіп, бір жыл ішінде 62 сауда нүктесіне көбейді. INFOLine аналитикалық агенттігінің...