Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

3 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer вакцинасын қарызға алған

Танымал

Ел аузында

Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer вакцинасын қарызға алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Қомақты ақшаны қайтара алмай отырған министрлік бүгін мәжілісмендерден қаражат сұрады.

Ажар Ғиният 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына енгізілген ақшаны ала салысымен, «СҚ-Фармация» алдындағы қарыздан құтылмақшы.

Коронавирусқа қарсы жасөспірімдер, жүкті әйелдер және емізулі баласы бар аналарды вакциналауға Қазақстан былтыр Америкадан Pfizer вакцинасын алдырды. Бұған «СҚ-Фармацияның» 20 миллиард 600 миллион теңгесі жұмсалыпты. Енді министрлік сол қаржыны қосып, Мәжіліске республикалық бюджет жобасын өзгертіп әкелді. Шенеуніктердің бұл ісіне депутаттар ашулы. Өйткені, былтыр вакцина сатып алуға 6,7 миллиард теңге жетеді делінген болатын. Алайда, Ғинияттың айтуынша, бұл сома ковидке қарсы вакцинаға емес, басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакцинаға жұмсалған. Еске салайық, былтыр Қазақстан корнавирусқа қарсы іс-шараларға 100 млрд теңгеден астам қаржы жұмсады.

“Бұл жаңа сатып алулар емес. Былтыр Pfizer вакцинасын сатып алуға «СҚ-Фармациядан» қаражат алдық. Күзде 100% төлеуге мәжбүр болған едік. Бүгінгі таңда «СҚ-Фармация» алдындағы қарызды өтеу қажет. Егер бұл қарыз дер кезінде, мамыр айында төленбесе, онда бірыңғай дистрибьютор дәрілік препараттар бойынша жеткізушілер алдындағы өзінің шарттық міндеттемелерін орындай алмайды”, – дейді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысының тұрғындары полицияға 180 бірліктен астам тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырды

Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында Түркістан облысында тұрғындардан тіркелмеген қаруды сатып алу...