Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

«Халық Кеңес одағына оралғысы келеді»: Ресей думасы үш түсті туды КСРО туымен ауыстыруды ұсынды

Танымал

Ел аузында

Ресейдің коммунистік партия фракциясы мемлекеттік думаға Ресей аумағында үш түсті ту белгісін КСРО туымен ауыстыру туралы заң жобасын ұсынды. Мұндай құжат думаның электронды базасында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Заң жобасын түсіндіру жазбасында бұл өзгерістер тарихи олқылықты және заңнаманы түсініксіз ұқтыру әрекеттерін жоятынын атап өткен.

«Бұл заң азаматтарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге ықпал етеді, өз еліне деген мақтаныш сезімін, оған деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін еркін және ашық білдіруге мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің ата-бабаларымыздың – Отан қорғаушыларының құрметі мен естелігін сақтайды. Ресей өзіне даңқты жеңістер мен ұлы әлемдік державаның символын қайтарады», – делінген түсіндірме жазбада.

Бастаманы көтергендердің бірі депутат Анжелика Глазкова қазіргі жағдайда қызыл тудың ерекше өзекті екенін атап өткен.

«Фашистерді қызыл туымызбен қарсы алуға шыққан әлгі әжені бүкіл әлем танитын шығар. Дәл осы тудың арқасында біз Ұлы Отан соғысында жеңіске жеттік. Кеңес одағының бүкіл жетістіктері осы тумен байланысты. Сондықтан, әсіресе, бізде әскери операция жүріп жатқан кезде бұл тақырып бұрынғыдан да өзекті деп есептеймін. Біз ЛХР мен ДХР тұрғындарының біздің әскерді қызыл тумен қалай қарсы алғанын көрдік. Халық Кеңес одағы кезеңіне оралғысы келеді», – деді Глазкова.

EADaily хабарлағандай, Кремль Украинадағы арнайы әскери операция кезінде кеңестік рәміздердің қолданылуына назар аударып, Жеңіс туы Ресейде де, шетелде де азаматтардың көптеген ұрпақтары үшін қасиетті екенін атап өткен.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мас халде көлік басқарған жүргізушіге сот үкімі шықты

Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады. Мәселен, полиция күнделікті қызмет...