Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Мариуполь босатылды – РФ қорғаныс министрі Путинге есеп берді

Танымал

Ел аузында

Ресей әскері мен Донецк ұлттық Республикасы милициясы Мариупольді босатты. «Азовтсаль» комбинатының аумағында 2 мыңнан аса жауынгер бұғатталды. Бұл туралы РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгу Владимир Путинге берген есебінде айтты. 

Оның айтуынша, қазір Мариупольде жағдай бірқалыпты, тыныш. Тәртіп орнатып, бейбіт өмірді жалғастыруға мүмкіндік бар. Путин жауынгерлер бұғатталған аймаққа шабуыл жасауды тоқтатуға бұйрық берді. 

«Өнеркәсіптік аймақты айналасынан шыбын ұшпайтындай етіп бұғаттаңыздар», – деп бұйырды РФ президенті. 

Сондай-ақ, Путин Мариупольдің босатылуын «табысқа» теңеп, қорғаныс министрін құттықтады. 

«Сізді құттықтаймын. Әскерге де құттықтай сөздерін жеткізіңіз. Көзге түскен жауынгерлерді мемлекеттік наградаға ұсыныңыз», – деді Владимир Путин. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Робототехникадан AI-флагмандарға дейін: HONOR Барселонадағы MWC 2026 көрмесінде ақылды құрылғылар экожүйесін таныстырды

Барселона қаласында өтіп жатқан MWC 2026 халықаралық көрмесінде HONOR компаниясы жасанды интеллектіні енгізудің жаңа кезеңін ұсынып, ALPHA PLAN стратегиясын жүзеге асыруды жеделдеткенін мәлімдеді. Бренд экожүйесі...