Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Танымал

Ел аузында

Синоптиктер Қазақстанда 23, 24 және 25 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» болжамына қарағанда, алдағы күндерде еліміздің солтүстік өңірлерінде жауын-шашын тоқтап, түнгі ауа температурасы 5-10 градус аязға дейін төмендеуіне әкеліп соғатын антициклон келеді.

«Республиканың қалған аумағында циклонның Жерорта теңізі аймағынан ығысуымен жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты болады. Еліміздің шығысында және орталығында жаңбыр мен жабысқақ қар, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстікте найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады», – делінген хабарламада.

Мамандар мәліметінше, кезеңнің соңына қарай оңтүстік өңірлерді қоспағанда, республиканың басым бөлігінде тәуліктік ауа температурасы біртіндеп көтеріледі – елдің солтүстік жартысында 10-18 градусқа дейін, ал батыс жартысында 20-25 градус дейін жылы болады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАНДА «ҚАУІПСІЗ ЖОЛ»: ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАН ЖҮРГІЗУШІЛЕР АНЫҚТАЛУДА

Түркістан қаласында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 10-12 тамыз аралығында республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық...