Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25 C
Nur-Sultan
34 C
Almaty
36.3 C
Shymkent

Қайрат Құдайберген Дикий Арманның айналасына бірігуге шақырған – прокуратура

Танымал

Ел аузында

Алматы прокуратурасы қалалық мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергеннің қандай күдікке ілінгенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, Құдайбергенді 21 сәуірде арнайы прокурорлар бастаған ведомствоаралық тергеу-жедел тобы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен ұстаған. Ол Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Алдын ала тергеу мәліметінше, Қ.Қ. Құдайберген А.Б. Жұмагелдиевпен («Дикий Арман» бірге «Қазақстан» қонақ үйінде адамдар жинауды ұйымдастырып, Жұмагелдиевпен бірігуге, оны қолдауға және биліктің бірыңғай талаптарын ұсынуға шақырғаны, сондай-ақ адамдарды 10 адамнан бөліп, олардың топтарының ерекшеліктерінің белгісі ретінде қолдарына ақ таңғыштарды таңуға нұсқау бергені анықталды.

Құдайберген мен Жұмагелдиев жинаған топ алаңға шығып, Жұмагелдиев төңірегіндегі митингілерді біріктіруге, алаңда жедел штаб ұйымдастыруға және билік алдында бірыңғай талаптар қоюға тырысқан», – деді Алматы қаласының прокуратурасы.

Прокуратура Құдайберген – Жұмагелдиев ұйымдастырған акция заңғы қарсы, сондай-ақ зорлық-зомбылық пен түрлі ауырлықтағы дене жарақаттарын келтірумен жаппай төбелеске ұласқанын атап өтті.

«Құдайбергеннің жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруы мен қатысуы «Қазақстан» қонақ үйінен, Жұмагелдиев тобының ұсталған қатысушыларының ұялы телефондарынан алынған бейнежазбалармен, куәгерлердің айғақтарымен расталады», – деп толықтырды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...