Атырау облысында қаптаған шаяндар тұрғындардың үрейін тудырды

Танымал

Ел аузында

Атырау облысы Еркінқала ауылының тұрғыны сары шаяндарды видеоға түсіріп алған. Улы жәндіктердің көбеюі тұрғындардың үрейін тудырып отыр. Бірақ эколог Галина Черноваяның сөзінше, шаяндардың белсенділігіне таңқалудың керегі жоқ. Өткен жылы мұндай құбылыс Жұмыскер мен Нұрсай ауылдарында да байқалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Экологтың айтуынша, Африкада тіршілік ететін қара шаянның уы аса қауіпті. Атырауда тек сары шаянды кездестіруге болады, ол қауіпті емес дейді. 

«Сары шаяндардың уын арамен салыстыруға болады. Ауырады, шаққан орыны ыстық инені сұғып алғандай әсер қалдырады. Бірнеше сағаттан соң ауырғаны басылады, улану белгілері жоқ. Шаянның шағуы тек нәрестелер үшін қауіпті болады», – деп ескертті маман. 

Әдетте шаяндар аяқ киімнің ішіне кіріп кетеді екен. Сондықтан маман аяқ киімді кимес бұрын мұқият болуға шақырды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматылық хирургтар екі кезеңнен тұратын күрделі ота жасап, үлкен псевдокистаны алып тастады

Науқас бұған дейін ұйқы безінің күрделі қабынуымен ауырып, салдарынан ағзасы зақымданған және кеуде қуысында сұйықтық жиналып, бүйрек қызметі бұзылған....