Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-21 C
Nur-Sultan
-11.1 C
Almaty
-10.7 C
Shymkent

Әлемдегі 12 елдің балалары шығу тегі белгісіз гепатитпен ауырып жатқаны белгілі болды – ДДСҰ

Танымал

Ел аузында

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 12 елде балалардың шығу тегі белгісіз гепатитпен ауырған 169 жағдайын тіркеді, олардың біреуі қайтыс болған. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Балалардағы жіті гепатиттің жалпы саны 114 оқиғаның Ұлыбританияда, Испанияда 13, Израильде 12, АҚШ-та 9 және Данияда 6 болғанын мәлімдеді.
ДДСҰ мәліметтері бойынша, науқастардың жасы 1 айдан 16 жасқа дейін.

Пациенттердің шамамен он пайызы бауыр трансплантациясын қажет еткен.

ДДСҰ кем дегенде бір өлім туралы ақпаратқа ие екенін жеткізді.

Ұйым бұл жағдайлардың ешқайсысында А, В, С, Е және D типті гепатит вирустары анықталмағанын айтты. Аденовирус кем дегенде 74 жағдайда, ал F тобында аденовирус (41 тип) 18 адамнан молекулалық тестілеу кезінде анықталды.

«SARS-CoV-2 сынамадан өткендер арасында 20 жағдайда анықталды. Сонымен қатар, SARS-CoV-2 және аденовирусты жұқтырған 19 адам анықталды», – деп мәлімдеді дүниежүзілік ұйым.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы атап өткендей, аденовирус пен басқа да кең таралған инфекциялардың алдын алудың жалпы шараларына қолды үнемі жуу және тыныс алу гигиенасы жатады. Ұйым ДДСҰ-ға мүше мемлекеттерге балалардағы жедел гепатит жағдайларын зерттеуге және хабарлауға кеңес берді. Мұнымен қатар ДДСҰ Ұлыбританиямен немесе жедел гепатит жағдайлары анықталған кез келген басқа елмен саяхатқа немесе саудаға шектеу қоюды ұсынбады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Dauletten» қоры 74-баспананың кілтін төртбалалы анаға сыйлады

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, «Dauletten» қайырымдылық қоры жүрегі таза, мейірімді азаматтардың қолдауымен тағы бір отбасыға бақыт сыйлап, баспананың...