Эммануиль Макрон президент сайлауында жеңіске жетті

Танымал

Ел аузында

Францияның қазіргі президенті Эммануиль Макрон сайлауда жеңіске жетті. Оның қарсыласы Марин Ле Пен болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews юасылымына сілтеме жасап. 

24 сәуірде Францияда президент сайлауының екінші кезеңі өтті. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 80% дауысты есептеген соң Макрон 54,81% пайыз дауыс жинап, жеңіп шыққан. Ал Ле Пен 45,19% дауыс жинады. Жеңістен кейін Макронды бірқатар мемлекеттердің басшылары құттықтаған. 

Эйфель мұнарасының жанында сөз сөйлеген Макрон өзінің екінші мерзімге сайлануы мемлекет үшін тыныш болмайтынын, бірақ тарихқа енетінін мәлімдеді. 

«Алдағы жылдар тыныш өтпейді, бірақ тарихқа енеді. Біз бірге келешек ұрпақ үшін тарихқа енгіземіз», – деді ол. Макронның сөзінше, оның жақтастары тәуелсіз Франция үшін дауыс берген. Ол бірінші және екінші кезеңде өз жобасын іске асыруда сенім білдірген жандарға алғысын білдірді. Макрон Марин Ле Пен үшін дауыс берген барлық француздардың президенті болуға уәде берді. «Басынан бастап сіздерден наразылық білдірмеулеріңізді сұраймын, өйткені дәл қазіргі уақыттан бастап мен бір лагерьдің үміткері емес, барлығының президентімін», – деді ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматылық хирургтар екі кезеңнен тұратын күрделі ота жасап, үлкен псевдокистаны алып тастады

Науқас бұған дейін ұйқы безінің күрделі қабынуымен ауырып, салдарынан ағзасы зақымданған және кеуде қуысында сұйықтық жиналып, бүйрек қызметі бұзылған....