Елімізде енді жазғы мектеп міндетті болмайды

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда енді жазғы мектеп міндетті болмайды. Ата-аналар 25 мамырдан кейін балаларының оқуын жалғастыра ма, жоқ па, өздері шеше алады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жазғы мектептің форматы қалыпты сабақтан өзгеше болады деп күтілуде. Үй тапсырмалары болмайды, сондай-ақ икемді сабақ кестесі болады. Инновацияның басты мақсаты – қашықтан оқытудан кейін пайда болған білімнің кемшіліктерін толтыру.

Бұған дейін ведомствода Жазғы мектептер міндетті болады деп мәлімдеген болатын. Бұл ата-аналардың наразылығын тудырды.

“Жазғы мектеп барлығы үшін ұйымдастырылады. Бірақ жағдай әртүрлі  болады. Соңғы шешімді ата-аналар мен мектеп оқушылары өздері қабылдайды”, – дейді ҚР БҒМ комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда жаңа детективті киноның тұсауы кесілді

Алматыда қазақстандық режиссер Қуаныш Стахановтың «Бүркітші» фильмінің тұсаукесері өтті. Бұл – елімізде алғаш рет dark-триллер жанрында түсірілген алғашқы туынды....