Илон Маск Twitter-ді сатып алды

Танымал

Ел аузында

Twitter компаниясы Space X пен Tesla компанияларының негізін салушы Илон Масктың әлеуметтік желіні 44 миллиард теңгеге сатып алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Twitter Inc. бүгін Илон Маскқа тиесілі компанияның әлеуметтік желіні сатып алу жөнінде соңғы келісімге қол қойғанын мәлімдеді. Әр акцияны 54,2 долларға алған, келісімшарт құны шамамен 44 миллиард долларға тең», – делінген хабарламада. 

Бұған дейін Twitter мен Илон Маск өкілдері әлеуметтік желіні 43 миллиард долларға сатып алуды талқылау үшін кездескен еді. 

4 сәуірде америкалық миллиардер Илон Масктың Twitter компаниясының 9,2 пайыз акциясын сатып алып, ірі акционері атанған болатын. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Каждый вызов — важен: в Алматинской области усиливается служба скорой медицинской помощи

В Алматинской области активно ведётся работа по модернизации службы скорой медицинской помощи. Сегодня в регионе круглосуточно работают 147 бригад...