Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10.3 C
Nur-Sultan
18.5 C
Almaty
17.2 C
Shymkent

Adal партиясы Amanat-қа қосылды

Танымал

Ел аузында

Adal партиясы Amanat-қа қосылды. Amanat партиясының кезектен тыс съезінде осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Басқарушы партияның кезектен тыс XXIII съезі онлайн режимде өтті. Оған барлық аймақтың делегаттары қатысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та Ақордадан онлайн байланыс арқылы қосылды. Партия хатшысы Асхат Ораловтың айтуынша, Adal партиясының құрамында белсенді жастар көп.

«Сондықтан Adal партиясының қосылуы Amanat-тың жастар қанатының әлеуетін арттырады», – деді Оралов.

Партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басынан бері үшінші рет жиналып отырғанын жеткізді. Алдағы конституциялық реформа аясында саяси ұйымға үлкен үміт артылып отырғанын ерекше атап өтті. Ал Adal партиясының қосылуы Жаңа Қазақстанды құру жолындағы бірлескен әрекетті күшейтеді.

«Сондықтан Адал партиясын қолдап, онымен, біріккен жөн. Осы қадам Amanat партиясын күшейтеді», – деп атап көрсетті Тоқаев.

Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясының құрамынан шықты. Партияға жаңа төраға болып Ерлан Қошанов сайланды. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қайта оралған қазына: қалпына келтіру жұмыстарынан кейін Қабірхана есігіне қатысты тың деректер белгілі болды

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Қабірхана бөлмесінің есігі реставрациялық жөндеу жұмыстарынан кейін Әзірет - Сұлтан Ұлттық тарихи-мәдени музей қорығының «Сирек...