Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Досхан Жолжақсынов ресейлік журналистке жауап берді

Танымал

Ел аузында

Танымал қазақ актері, кинорежиссер Досхан Жолжақсынов ресейлік журналист Тигран Кеосаянның қазақтар жайлы мәлімдемесіне жауап берді. Ресейлік тележүргізуші Украинаны мысалға келтіре отырып, қазақстандықтарға сес көрсеткен болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қымбатты, Тигран Кеосаян! Сен сөйлеген сөзіңді айнадан көрдің бе? Саған қарауға кеңес беремін. Арамза Муссолиниді бейнелеп отырғандайсың.

Өзіңе көп аласың. Біріншіден, сен Ресей емессің. Екіншіден, мықты болсаң, жоғары билікке бар. Ал менің халқыма тиіспе! Ұлтымның тарихын, көп ғасырлы рухани және мәдени өмірін, Еуразия кеңістігіндегі ұлтымның абыройы туралы саған айтып, уақыт жоғалтқым келмейді», – деп мәлімдеді Жолжақсынов.

Актер ресейлік журналисті «түкті шовинистке» теңеді. 

«Сен ұлтаралық араздықты тудырушы, арандатушысың. Сені Донецкіде, Луганскіде ұрыс алаңында көргім келер еді. Ұлы Ресей сен сияқты жағымпаздарға мұқтаж емес», – деп түйіндеді сөзін ол.

Айта кетейік, Ресей тележүргізушісінің мәлімдемесі әлеуметтік желіде тарады. Онда ол қазақстандықтарға сес көрсеткен. 

“Қазақтар, алғыстарың қайда? Сендер Ресейді дүниежүзінен жоқ болып кетеді деп ойлайсыңдар ма? Украинаға қараңдар да, жақсылап ойланыңдар. Біздің жауапты тұлғалар біздің қарым-қатынасымызды қайта қарауы керек. Қателесесіңдер! Сендерде әлі уақыт бар. Соңғы вагонға үлгеріп қалуларың да мүмкін. Қазір үлкен соғыс жүріп жатыр. Осы орайда, бізді кім қолдайтынын дұрыстап бақылау керек. Жетер! Өтірік ойнап болған шығарсыңдар. Билікті құтқарып, былығыңды реттеуге қайтарымсыз көмек сұрауларыңды доғарыңдар! Парад өткізбейміз дегендерің не?», — деді ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...