Роза Әлқожа алаяқтардың арбауына түсті. Әнші түрік жігітіне алданып, Instagram парақшасынан айырылып қалған. Әнші болған оқиғаны баяндады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Соңғы уақытта парақшамның атын өзгерте алмай жүрдім. Өйткені, білесіздер, түрік жігіті инстаграмның атынан “синяя птичка” беремін деп алдап, өз атына ауыстырып алған болатын. (Менің де аңқаулығым жетеді, бүкіл парольді айтып отырғаным ше?!) Хош, солай үш ай Yigit деген атпен жүрдік қой!
Парақшаны да өзіме сатпақшы еді, Ерлан деген бар болғырдың арқасында қайтарып алдық қой! Айтайын дегенім, ағылшынша бір жазулар келіп, бір қамқорлық танытса, сенбеңіздер! (Бірақ мен ғана шығармын ондайға арбалатын).
Одан бері бір рет ашылмай қап, тағы Ерланға жалындым. Жалпы, технологияны дұрыс игермеген мен сияқты “старомодныйларға” осындай азаматтар керек екен!
Ерланға мың алғыс! Отбасына бақыт, басына амандық тілейміз!
Кеше тікелей эфирге шықсам, әдеттегіден адам аз. Мені таппай қалған ғой. @baglan_abdraimov_official досым айтқан соң Ерланжанға айтып ем, атын өзгертіп бере қойды!
Өзімізді өзіміз насихаттап, ішкі сырымызды жайып салып жүрген инста шіркінге де әбден бауыр бастық қой! Бар болайық!» – деп жазба қалдырды әнші желідегі парақшасында.