Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-13 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Мейіржан аузын ашса, қылмыстық іске баптар қосылады деп ескертті – Дана Есеева

Танымал

Ел аузында

Дана Есеева қаржылық пирамиданы құрды деп күдікке ілінген күйеуі Мейіржан Төребаевтың ісіне қатысты жаңа деректерді жария етті. Блогер іс ушығып кеткенге дейін үндемеуінің себебін түсіндірді. Айтуынша, Мейіржан аузын ашқан жағдайда, қылмыстық іске жаңа баптар қосылады деп қоқан-лоққы көрсетілген, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Мейіржан және мен жайлы жалған сөйлеп жүрген блогерлер мен журналистерді көрдім. Намысқа тиіп, шындыққа жанаспайтын сөздер айтуда. Бұл белгілі адамдардың тапсырысы немесе өтінішіне ұқсайды. Қазір ақпараттық соғыстың басталғанын көбісі түсінеді, бірақ оны бастаған біз емес. 

Біз ұзақ уақыт бойы үндемедік, себебі Мейіржан аузын ашқан жағдайда үстінен баптар қосылатынын бізге ашық ескертті», – деп бөлісті Дана Есеева.

Айтуынша, енді органдар оның көйлек дүкені мен тұшпара шығаратын фабрикасын тексеруге тырысуда. 

«Енді мен 12 жыл бойы құрған бизнесті тексермекші. Бірақ ол жерден не табады? Көйлектер мен тұшпара? Қолда бардың бәріне таза еңбекпен жеттік. Күндіз-түні жұмыс істедік. 

Ал Мейіржан алданып қалса, ол сенгіштігінен. Сіздер түсіну үшін айтайын, ол қазір өзін таптағысы келетін адамдарға сеніп отыр», – деді Есеева. 
 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мас халде көлік басқарған жүргізушіге сот үкімі шықты

Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады. Мәселен, полиция күнделікті қызмет...