Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
-1.7 C
Shymkent

Көлік салығы: есепшоттарыңызды бұғаттамауы үшін не істеу керек?

Танымал

Ел аузында

Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері көлік салығы бойынша берешек болған жағдайда жеке сот орындаушылары есепшоттарыңыз бен елден шығуыңызға бұғат салмауы үшін не істеу керегін түсіндірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Жеке тұлғалардың 2021 жыл бойынша көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2022 жылдың 1 сәуірінде аяқталды.

2022 жылдың 2 сәуірінен бастап салық сомасын уақытылы төлемеген жеке тұлғаларға салық берешегі туралы хабарламалар жіберілген.

«3 063 теңгеден (1 АЕК) асатын берешек сомасы бойынша хабарлама түскеннен кейін 30 жұмыс күнінен соң берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу туралы салық ұйғарымы құрылады және борышкерге жіберіледі.

Берешек өтелмеген жағдайда, салық өкімі жеткізілгеннен кейін бес жұмыс күні өткен соң жеке сот орындаушыларына беріледі. Бұл ретте, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа, шоттарды бұғаттау және елден шығуға шектеу қоюды қоспағанда, салық берешегі сомасының 25 пайызына дейінгі мөлшерде төлемді қосымша өндіріп алады», – делінген Мемлекеттік кірістер комитеті хабарламасында.

Мемлекеттік кірістер комитеті артық шығын мен проблема туындамауы үшін салық берешегі болған жағдайда хабарламаны жеке сот орындаушыларына бергенге дейін – мамырдың үшінші онкүндігіне дейін салықты төлеуге кеңес береді.

Салық берешегі бар/жоғы туралы ақпаратты e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады: Электрон қызметтер – Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек қызметі – ЖСН енгізу.

Сонымен қатар, қазіргі салық берешегі PUSH-хабарлама түрінде банктердің мобильді қосымшалары арқылы пайдаланушыларға жіберіледі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

За два дня врачи Медцентра УДП провели 16 сложных операций в области Жетысу

В области Жетысу продолжается медицинская акция «Дни Медицинского центра Управления делами Президента РК». Во второй день ведущие врачи Больницы...