Тоқаев Қазақстанда референдум өтетінін мәлімдеді

Танымал

Ел аузында

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Референдум – бұл маңызды демократиялық институт, алайда Қазақстанда референдум соңғы рет 1995 жылы, қолданыстағы Конституция бекітілгенде өткен. Кейін «Республикалық референдум» туралы Конституциялық заң қабылданды. Алайда ол практика жүзінде бірде-бір рет қолданылған жоқ», – деді президент.

Ал Конституцияға содан кейін төрт рет түзетулер енгізілді. Конституцияның бүкілхалықтың дауыс беру арқылы өзгеруі халықтың ойын еркін білдірудің айқын көрінісі деп санайтынын айтты.

Сондай-ақ референдум әр азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік беріп, жан-жақты демократия мен жаңа Қазақстанды құру бағдарымызды нығайтады деді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Түркістанда «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығының бастамасымен Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен рухани мұрасын балаларға танытуға...