Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

23 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
32.3 C
Shymkent

Бейжіңде мейрамханалар жабылып, ковид ауруханасы қайта іске қосылды

Танымал

Ел аузында

Бейжің билігі коронавирустың өршуіне қарсы тұру үшін Сяотаншань ауруханасын қайта ашуға шешім қабылдады. Онда 2003 жылы пневмонияға шалдыққан науқастар, 2020 жылы COVID-19 жұқтырғандар емделген, – деп хабарлайды Euronews.

Кейінгі тәулікте ел астанасында инфекция жұқтырған 53 дерек тіркелген, ал бұл бүкіл ел бойынша 50 мыңнан асқан.

Экономикалық шығын мен халықтың наразылығына қарамастан, Бейжің билігі жақын арада қоғамдық орындарға кіруді одан әрі шектейтінін мәлімдеді.

Қаладағы мейрамханалар уақытша жабылады, ал тұрғындар қоғамдық орындарға бару үшін COVID-19 тестін тапсыруы керек.

Мамырдағы бес күндік демалыс – Қытайдағы ең қызық туристік кезеңдердің бірі. Бірақ билік елде COVID-19 өршуіне байланысты халық үйлерінде отырады деп үміттенеді.

Қытай билігі омикрон жұқтырғандарға жаппай тестілеу және мекемелерді жапты. Осылайша, вирустың таралуын болдырмау мақсатында «COVID-19-дың нөл деңгейіне дейін» саясатын күшейтті.

«Қазір қалада індет жеке және кластерлік індеттермен тығыз байланысты таралып жатыр. Асимптоматикалық және жеңіл жағдайларды емдеу үшін Бейжің қалалық COVID-19 эпидемиясының алдын алу және бақылау комиссиясы 2022 жылғы 1 мамырдан бастап Сяотаншань ауруханасын ресми түрде ашуға шешім қабылдады», – деді Пекин қалалық денсаулық сақтау комиссиясы директорының орынбасары Ли Ан.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...