Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14 C
Nur-Sultan
20 C
Almaty
18.3 C
Shymkent

Қазақстан және Ресей ІІМ арнайы операциясы: 260 келі есірткі тәркіленді

Танымал

Ел аузында

Қазақстан және Ресей ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі бөліністері арнайы операция жүргізді. Нәтижесінде ірі трансұлттық синтетика жеткізу арнасы жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, фигуранттарға жедел әзірлеме жасау үшін ІІМ орталық аппараты, полиция департаменттері мен Жамбыл облысы бойынша ҰҚК-нің тәжірибелі қызметкерлері арасынан арнайы топ құрылған. Омбы және Тараз қалаларында бір мезгілде жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде полицейлер Ресей Федерациясындағы синтетикалық есірткі жөнелтушісін және Қазақстанда оны қабылдап алушыны ұстаған.

«Фигуранттардың тұрғылықты жері бойынша тінту барысында ірі есірткі зертханалары анықталды. Ұсталған Омбы қаласының тұрғыны «синтетиканы» дайындап, пошта жөнелтілімдері арқылы Орталық Азия елдеріне, оның ішінде Қазақстанға жіберіп отырған. Осы ретте ол жасанды құжаттарды пайдаланып, сәлемдемелерді түрлі тауарлар – машина майы, тұрмыстық химия және т.б. түрінде жасырып отырған», – делінген хабарламада.

Полицейлер жалпы сомасы 9,5 миллионнан астам АҚШ доллары болатын 260 келі қолдануға дайын есірткіні тәркілеген. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...