Мамырдағы мерекелерде ауа райы қандай болады?

Танымал

Ел аузында

Қазгидромет синоптиктері 7, 8 және 9 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Әдетте мамырдағы мерекелерде күн жылы болып, көпшілігі табиғат аясына шығады. Бірақ бұл мүмкіндікке тек оңтүстік өңірдің тұрғындары ие бола алады», – деді синоптиктер.

Мамандардың айтуынша, Иран аудандарынан келетін жылы циклон елдің оңтүстік жартысына ауыса бастайды, сондықтан күн сайын ауа температурасы жоғарылайды.

«Ал солтүстік өңірге суық антициклон әсер етеді. Қысқа мерзім ішінде ауа температурасы төмендеп, түнде термометр бағандары қайтадан нөлден төмен түседі», – деп қосты синоптиктер.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Орамал дауына қатысты ҚМДБ не дейді?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мектеп формасына қойылатын талаптарға қатысты өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.Діни басқарма балиғат жасына жеткен...