Он жыл бойы декреттік демалыста болып, сахнаға қайта оралған Зарина Омарова күйеуінің қызғанышы жайлы айтты. Сөзінше, жолдасы өнерге оралуына өзі рұқсат бергенімен, бұл ісіне кейін өкініп қалған ұқсайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 7-арнаның «Сантарам» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
«10 жыл декреттік демалыста болдым. Осы уақытты отбасыма, балаларыма арнадым. Күйеуім алғыс ретінде осыдан 5 жыл бұрын сахнаға шығарды. Бірақ қазір соған өкініп жүрген сияқты»,- деп ағынан жарылды Омарова.
Әнші отбасы мен шығармашылығына қатар үлгеруге тырысуда. Бірақ:
«Жетпейтін болдым. Күйеуім қызғана бастады, ол да жақсы деп ойлаймын. Өйткені үйде отырғанда қызғанған жоқ. Әйел адам 5 минут сайын күйеуіне есеп беріп, ақтала беру кезінде кішкене шекарасын сақтау керек екен. Біз шекарасын білмей, еркелетіп аламыз. Көп ақтала бергеннен ол соған үйреніп қалады. Кейін сәл ақталмай көрші, ұмытып кетіп, қолың босамай қалса, абыржып кетесің», – дейді әнші.
Әнші біраз жыл үйде отырып, сыртқа шыққан соң, өзін кінәлі сезінетінін жасырмады.
«Қазір менің жолдасым менімен ешқай жерге барғысы келмейді. Өзі сондай адам. Сенің жұмысың – сенікі, менің жұмысым – менікі, дейді. Бір жағынан, оны түсінемін», – дейді Омарова.