Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

11 C
Nur-Sultan
22 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

Толассыз жауын салдарынан Жаңаөзенді су басты

Танымал

Ел аузында

Жаңаөзенде 6 мамырға қараған түні қатты жаңбыр салдарынан 112 шұғыл нөміріне көптеген қоңырау түскен. Көшелер мен тұрғын үйлердің аумағында жаңбыр суы жиналған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Барлығы сегіз аула, екі тұрғын үй, үш көше және бір жалпы білім беретін мектеп су астында қалған.

Қазіргі уақытта Жаңаөзен қаласының төтенше жағдайлар бөлімі әкімдікпен бірлесіп №3 өрт сөндіру бөлімінің коммуналдық қызметтердің арнайы техникаларын және су сору құрылғыларын шығарды. Жаңбыр суын сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің 16 қызметкері, 1 техникасы мен 3 мотопомпасы, сондай-ақ коммуналдық қызметтердің 17 жұмыскері мен 12 техникасы жұмылдырылған.

5 мамырда жаңбырдан кейін Қарақия ауданында сел жүрген. Көлік жүргізушілері бөліскен видеодан су ағыны Ақтау мен Жаңаөзен арасын жалғайтын тасжолға қалай жеткенін көруге болады. Сондай-ақ жүргізушілер жауын-шашынға байланысты жол көрінбегенін айтты.

6 мамыр күні таңертең жергілікті тұрғындар  Жаңаөзендегі №22 мектепте, сондай-ақ Қарақия ауданы Бостан ауылындағы орта мектепте сабақ тоқтатылғаны туралы хабарлаған.

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша, Маңғыстауда 6-7 мамырда жаңбыр жауып, жел күшейеді. 6 мамырда Маңғыстау облысының басым бөлігінде жауын болады, солтүстікте, батыста, облыстың орталығында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан жел облыстың басым бөлігінде 15-20, солтүстік-батыста, солтүстік-шығыста екпіні 23-28 м/с жетеді.

Ақтауда 6 мамырда түнде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ болады. Солтүстік, солтүстік-шығыстан күндіз жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау облысының ТЖД аймақ тұрғындарына жеке қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынды.

Сондай-ақ, тұрғындарға балаларды ерекше бақылауға алуға, қараусыз қалдырмауға кеңес берілді. Маңғыстаулықтарға аса қажет болмаса, далаға шықпау ұсынылады. Желден үй қабырғалары маңында жасырынуға болмайды. Өйткені шатырдан түрлі материал құлауы мүмкін.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...