Референдум кезінде Ashyq қайта қолданылуы мүмкін

Танымал

Ел аузында

Қазақстандықтар 5 маусымда өтетін референдумда дауыс беру үшін Ashyq қолданбасын қайта пайдалануы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Референдум 5 маусымда, яғни бір айдан кейін өткізілетінін ескере отырып, референдум өткізілетін күні қандай алдын алу шаралары болатыны мемлекеттік санитария дәрігерінің жеке қаулысында көрсетіледі және әр аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.

Эпидемиологиялық жағдай күрделенсе, аумақтық референдум комиссиясының мүшелерін вакцинация туралы құжаттық растамасы болса ғана сайлау учаскелеріне жіберуге бағытталған қосымша шаралар енгізіледі», – деді Есмағамбетова Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Оның айтуынша, эпидемиологиялық жағдай асқынған жағдайда қолданылатын қосымша шараларға сайлау учаскелеріне кіреберісте Ashyq қосымшасын қолдану, сондай-ақ маска тағу режимін сақтау, дезинфекция құралдарын қолдану, әлеуметтік арақашықтықты сақтау кіреді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАНДА «ҚАУІПСІЗ ЖОЛ»: ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАН ЖҮРГІЗУШІЛЕР АНЫҚТАЛУДА

Түркістан қаласында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 10-12 тамыз аралығында республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық...