Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Еркін Нұржанов ұлды болғанын айтып сүйінші сұрады

Танымал

Ел аузында

Еркін Нұржанов ұлды болды. Әншінің шаңырағында тағы да қуаныш. Отбасына тағы бір батыр өмірге келді. 

Еркін Нұржанов әке атанды. Бұл туралы әншінің өзі желідегі парақшасында жазып, көпшіліктен сүйінші сұрады. 

“Ассалаумағалейкум, ағайын! Ұлды болдым! Аллаға сансыз шүкірлер, мақтау-мадақтаулар болсын! Пайғамбарымыз Мұхамедке (с.ғ.с.) салауаттар болсын. Қазағым көбейе берсін. Сіздерге де жұғысты болғай”, – деп жазды әнші желіде. 

Желі қолданушылары мен әріптестері құттықтап, ақ тілегін арнап жатыр. 

“Бауы берік болсын! Үлкен азамат болсын”, “Қазақтың баласы болсын”, “Өзіңе тартқан әнші болсын, адам болсын”, “Құттықтаймын, бауырым, қуанышыңа ортақпын”, “Аман-есен болсын, ауырмасын, тіл-көзден аман болсын”, “Қандай жақсы жаңалық”, “Жарыңыз екеуіңізге бақыт, денсаулық, махаббат тілеймін”, “Ер азамат болсын, жақсылығын көрсетсін”, “Бауы берік болсын”, – деп жазды олар. 

Әншінің тұңғышы Қайыр атасының қолында тәрбиеленуде. Бұған дейін әнші көпшілікке ұл-қыздарын көрсеткен еді. 

Еркін Нұржанов бір сұхбатында тоқал алуға қарсы емес екенін айтқан еді. Ол үшін әйелінен рұқсат сұрамайтынын жеткізді. 

“Жетімді жылатпаған, жесірді қаңғыртпаған қазақпыз ғой. Өкінішке орай жесірлеріміз көп. Сол жалғызбасты ананың балаларына жаны ашып, жетім-жесірді азайтайын деп, Алла разылығы үшін алып жатса қарсы емеспін”, – деді әнші. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...