Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

13.1 C
Nur-Sultan
21.6 C
Almaty
16.7 C
Shymkent

«Қазақия мен Алашорда»: Болат Әбілов Қазақстан мен астана атауын өзгертуді ұсынды

Танымал

Ел аузында

Болат Әбілов 16 мамыр Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Bizdin Tandau» атты саяси партиясын құратынын айтты. Сонымен қоса партияны құрушылар Қазақстан атауын – Қазақия деп және ел астанасын – Алашорда деп атауды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстан атауы Кеңес одағынан бері келе жатыр. Желтоқсан, Жаңаөзен, қаңтар оқиғаларынан кейін бұл атауда бір қарғыс бар секілді сезіледі. Мұнымен қатар біз Назарбаевқа қатысы бар атаулардың барлығын алып тастауымыз қажет. 30 жыл бойы елді тонаған адамның аты халықтың есінде сақталып қалуға лайықты емес. Сол себепті біз Қазақстан атауын – Қазақия деп, ал астананы – Алашорда деп атауды ұсынамыз», – деді Әбілов.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы спорт алаңы ашылды

2025 жылғы 13 тамызда «Жерұйық» саябағында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы...