Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

«Бар айыбым – 3 миллион долларды жалған компанияға бермеуім»: Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандықтарға үндеу жолдады

Танымал

Ел аузында

16 мамыр күні БАҚ беттерінде Ұлттық мұражайда және Арыстанбек Мұхамедиұлының үйінде тінту жүріп жатқаны туралы ақпарат тараған еді. Бұдан соң Ұлттық мұражай директорының өзіне қол салғаны туралы мәлімет пайда болды. Алайда Арыстанбек Мұхамедиұлының баспасөз хатшысы мұны жоққа шығарған. Кейін мұражай директоры Қазақстан халқы мен Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдап, болған оқиға туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Арыстанбек Мұхамедиұлы ақша жымқыру туралы мәселе 2014 жылы Мәдениет министрі болып тағайындалған соң басталғанын айтады. Осы кезде ғарыш кеңістігі туралы фильм түсіріліп жатқан және жобаны іске асыру үшін ол Талғат Мұсабаев және Тұңғышбай Жаманқұловпен кездескен. 

«Сосын өмірімде алғаш рет көрген Талғат Жәнібеков деген режиссермен жолықтым. Бір кездесуде Талғат Мұсабаев бұл жобаның шикілігі көп екенін, ғарышқа еш қатысы жоқ, бір фантазия екенін алға тартып, жобаға қатыспайтынын мәлімдеді. Әрине, күдік болған соң барлығын тексере бастадық. Талғат Жәнібеков – өмірінде екінші рет кино түсіріп тұрған азамат. Сосын Тұңғышбай Жаманқұлов фильмді түсіруге америкалық «Алдамис» деген үлкен компанияның қатысатынын айтты», – деп мәлімдеді ол Facebook парақшасында жариялаған бейнеүндеуде.  

Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, Тұңғышбай Жаманқұлов фильм түсіруге арналған 550 миллион теңгенің 100 миллионын алуға қажетті құжаттарды ұсынбаған. Кейін «Қазақфильм» мен Жаманқұлов басқаратын «Turan Universal Business» компаниясы арасында сот болған. 

«Сот «Қазақфильм» компаниясының дұрыс екенін дәлелдеді. Аппеляциялық сотта да Жаманқұловтың компаниясы жеңілді. Кейін «Алдамис Рус» компаниясының осы шара үшін тіркелген бір күндік компания екені анықталды. Ешқандай қаржылық операциялар жүрмеген. Жеке қорында тек 10 000 рубль немесе 50 000 теңге ғана болған. Маған шабуыл жасалған себебі – ақшаны жалған ресейлік компанияның қалтасында кетуіне жол бермеуім. Бар кінәм осы. Әрі қарай «Алдамис Рус» компаниясының қайдан шыққанын, америкалық «Алдамис» компаниясымен қандай байланысы барын тексеру үшін арнайы сұраныс жібердік. Осы кезде Тұңғышбай Жаманқұлов «Алдамис» компаниясынан хат келді деп құжатты ұстатты. Бірақ соңында қойылған қол жалған болып шықты», – деп қосты Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

Бұрынғы Мәдениет министрі «Алдамис Рус» пен америкалық «Алдамиса» компаниясының арасында ешқандай байланыс жоқ екенін мәлімдеді. 

«Сосын Тұңғышбай Жаманқұлов маған 3 миллион долларды «Алдамис Рус» компаниясына аудармасам, шабуыл жасалатынын, өмірімде үлкен мәселе туындайтынын айтты. Оның артында сол кезде президент әкімшілігінің басшысы орынбасары қызметінде болған, кейін Отанды сатқаны үшін сотталған Бағлан Майлыбаев тұрған. Оның үстіне Дариға Назарбаева бірнеше рет тапсырма бергендіктен, Тұңғышбай Жамақұлов қолынан келген іс-әрекеттерді жасады», – дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

Жасалған шабуылдардың алғашқысы режиссер Талғат Жәнібековтың Мұхамедиұлына қарсы түсірген бейнеүндеуі болыпты. Алайда видеоның жалған екені дәлелденген дейді. Ал кейін Тұңғышбай Жаманқұлов өзі келіп Арыстанбек Мұхамедиұлынан кешірім сұраған.

«Келіп кешірім сұрады. Қолыма хатты ұстатты. Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жазылған хатта арадағы келіспеушілік туралы айтылған. Алайда мен бұл хаттың керек емес екенін, халықтың алдында кешірім сұрауы керек екенін айттым. Осыдан кейін ғана мен бірге жұмыс істейтінімді мәлімдедім», – деп қосты ол. 

Сөзінше, бұл оқиғадан кейін Тұңғышбай Жаманқұлов сұхбаттарында мүлде басқа ақпарат таратқан. Сондай-ақ ол сөз соңында өз тарапынан заң бұзушылық бар екені анықталса, тиісті жазаны өтеуге әзір екенін мәлімдеді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...