Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

«Арыстанбек Мұхамедиұлы аурухана түсті»: Бұрынғы Мәдениет министрінің баспасөз хатшысы мұражайдағы тексеріс туралы айтып берді

Танымал

Ел аузында

Әлеуметтік желіде Ұлттық мұражайдың директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпсалалы ауруханасына түскені туралы ақпарат тарады. Бұрынғы Мәдениет министрінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай бұл туралы пікір білдіріп, ақпаратты растады. Сөзінше, Арыстанбек Мұхамедиұлы өзіне қол салмаған, тек аяғын емдету үшін ауруханаға жатқан.

«Арыстанбек Мұхамедиұлының №2 қалалық ауруханада жатқаны рас. Бірақ ол кісі аяғын емдетіп жатыр. Аяғының ауыратынын барлығы біледі. Суицид жасады, өзіне қол салды деген ақпарат шындыққа жанаспайды», – деді ол Stan.kz тілшісіне берген пікірінде. 

Айдар Қырықбай Арыстанбек Мұхамедиұлының үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпараттың өтірік екенін айтты. Сөзінше, қазір мұражай директоры емес, мұражайдың өзі тексеріліп жатыр. 

«Тексеріс осы жылдың ақпанынан бастап жүріп жатыр. Алдымен есеп комитеті тексерді, кейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тексерді. Бұл – 2016 жылдан басталған Ұлттық мұражайдың өзін тексеру жұмыстары. Арыстанбек Мұхамедиұлының жеке басын тексеру емес. Яғни мұражайдың атқарған жұмыстарын тексеру. Қорытындысы әлі шыққан жоқ», – деп мәлімдеді ол.

Сонымен қатар баспасөз хатшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты БАҚ беттерінде тараған ақпаратты жоққа шығарды. 

«Арыстанбек Мұхамедиұлы күдікке ілінді деген мәлімет – фейк, жалған ақпарат. Мұндай ақпарат жоқ. Ал тексерістерге Тұңғышбай Жаманқұловтың хаттары себеп болды. Ол президентке екі рет, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне бір рет хат жазды. Қосымша жоспарлы тексерістер жүрді. Бұрын ол «Феникс» деген фильмді түсіру кезінде ақша жымқырып, шартты түрде сотталды. Ал жымқырылған қаржы кері қайтарылды. Тек өш алу ғана», – дейді Айдар Қырықбай.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...