Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10.1 C
Nur-Sultan
20.6 C
Almaty
22.5 C
Shymkent

146 миллион теңге: Ұлттық музей басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

Танымал

Ел аузында

Арыстанбек Мұхамедиұлының қарауындағы Ұлттық музей басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК лауазымды тұлғаларына қатысты «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде”, – делінген хабарламада. 

Шарттың жалпы сомасы 1,2 млрд теңгені құрайды.

Тергеу сотының санкциясымен қазіргі уақытта тінту, сондай-ақ куәлардан жауап алу және басқа да тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Іс бойынша түпкілікті шешім қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын орындау нәтижелері бойынша қабылданатын болады.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді. 

Бүгінгі таңда бұрынғы спорт және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Ұлттық музейге басшылық етеді. 

Айта кетсек, 16 мамыр күні БАҚ беттерінде Ұлттық мұражайда және Арыстанбек Мұхамедиұлының үйінде тінту жүріп жатқаны туралы ақпарат тараған еді. Бұдан соң Ұлттық мұражай директорының өзіне қол салғаны туралы мәлімет пайда болды. Алайда Арыстанбек Мұхамедиұлының баспасөз хатшысы мұны жоққа шығарған. Кейін мұражай директоры Қазақстан халқы мен Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдап, болған оқиға туралы айтып берді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Фараби әлемі» халықаралық конференциясы кезекті жұмысын тәмамдады

         Жыл сайынғы дәстүрге сәйкес қара шаңырақ, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жас ғалымдар мен студент, магистрант, докторанттар қатысқан «Фараби...