Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

23 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
32.3 C
Shymkent

Жеңілдетілген автонесие: Бір күнде 2200-ден аса қазақстандық өтініш білдірген

Танымал

Ел аузында

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша бір күн ішінде 2200-ден аса қазақстандық көлік алуға өтініш білдірген. Бұл туралы ИИДМ индустриалды даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков үкімет кулуарында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл әзірге жұмысты бастап кеткен екі банкке түскен өтініштер саны ғана. Тағы екі банк осы аптаның ішінде қатарға қосылады.

«Өтінімдерді қабылдауды кеше бастадық. Екі банк – ЦентрКредит Банкі және Еуразиялық банк – автонесиелеу бойынша өтініштерді қабылдай бастады. Екі банкке 2200-ден аса өтініш түсіп, қазір өңделу үстінде. Қалған екі банк бойынша корпоративтік жұмыстар аяқталуда. Процедуралар аяқтала салысымен, жақын арада олар да кіріседі», – деді Сапарбеков.

ЦентрКредит Банкі 1000-нан аса, ал Еуразиялық банк 1200-ден аса өтініш қабылдаған. Сондай-ақ жақын арада бағдарламаға қатысатын банктер қатары көбеюі мүмкін. Қазіргі уақытта келіссөздер жүруде.

Еске сала кетсек, жеңілдікпен автонесие беру бағдарламасы 16 мамырда басталды. Оның шарты бойынша кез келген қазақстандық автомобильді жылдық 4%-пен сатып ала алады.

Автонесие 10 миллион теңгеден аспайтын сомаға және 7 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бастапқы жарна 0%-тен басталады. Көліктің жалпы құны 15 миллион теңгеден аспауы тиіс. Бағдарлама бойынша төрт банк өтініш қабылдайды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...