Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

22.8 C
Nur-Sultan
21 C
Almaty
25.8 C
Shymkent

Қызылорда облысында Арал теңізін қайта суға толтыру үшін 500 адам тасаттық берді

Танымал

Ел аузында

Қызылорда облысында табиғат жанашылары тартылып қалған Арал теңізін қайта суға толтыру үшін Құдайдан көмек сұрап, тасаттық берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.

Экологиялық апатқа ұшыраған теңіз мәселесін көтеріп жүрген белсенділер, экологтар, тіпті дін өкілдері мен осы өңірдің тұрғындары қазақи дәстүрмен тасаттық берді.

Рәсімге 500-дей адам қатысқан. Дәстүр бойынша жиналғандар молдалармен бірге намазға жығылып, артынша құрбандық шалды.

Еске салсақ, былтыр дәл осы Арал ауданында жауын жаумай, жұрт қуаңшылықтан зардап шеккен еді. Ал экомарафон кезінде құрбандық шалынып, жиналғандар жаратқаннан жауын тіледі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНА ЖАҢА ҒИМАРАТ БЕРІЛДІ

Семейде Абай облыстық сотының төрт қабатты жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы өтті. 2023 жылы күзде Абай еліне арнайы келген Жоғарғы Сот...